«Шетел агенттеріне» млн еуро: Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот Ресейді айыптады

Қалижан Бектемір

Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот (АҚЕС) «шетел агенттеріне» миллион еуроға дейін төлеуге шешім қабылдады. Ресей сот шешімін орындамай отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: r-factor.kz

ЕУРОПАЛЫҚ СОТТЫҢ ШЕШІМІ

Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот Ресейді «шетел агенті» туралы заңнамасына байланысты сөз бостандығы құқықтарын, жиналу бостандығы құқығын, жеке және отбасылық өмір құқығын бұзды деп тағы да кінәлі деп тапты.

Бірнеше ондаған жеке талап-арызды біріктірген іс бойынша шешім соттың сайтында жарияланған.

Зардап шеккендерге – адамдарға да, ұйымдарға да сот материалдық және материалдық емес залалдың өтемақысын, сондай-ақ сот шығындарын төлетуге шешім қабылдады. Кейбір төлемдердің сомасы әлі анықталған жоқ.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУ

Ең үлкен төлем – 955 440 еуро, ол «Азаттық» радиосына (Ресейде «шетелдік агент» және қалаусыз ұйым ретінде танылған) және оның бас директоры Андрей Шариға келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы шешім.

АҚЕС Ресейдің «шетел агенттері» туралы заңын 2022 жылы адам құқықтарын бұзу деп таныған. Содан кейін сот өтемақы ретінде әртүрлі КЕҰ-ларға 1,14 миллион еуро көлемінде төлеуге міндеттеді. Ресей 2022 жылы наурызда Украинаға басып кіргеннен кейін көп ұзамай Еуропа Кеңесінен шығарылды. Содан бері Ресей АҚЕС шешімдерін орындаудан бас тартты.

РЕСЕЙДІҢ «ҚАРА ТІЗІМІНЕ» ІЛІНГЕНДЕР

Еске салсақ, Ресей «Собеседник» газетін «шетел агенті» деп таныған болатын. 

Атап айтсақ, «Собеседник» газетінің заңды тұлғасы «Собеседник-Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және бес адам: Нина Беляева, Владимир Дорохов, Михаил Ежов, Ярослав Распутин және Олег Степанов иноагент атанып отыр.

«Собеседник» Ресейде бірнеше жылдан бері қысым көріп келеді. 2022 жылдың наурызында Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты Ресей Федерациясындағы цензураның күшеюі аясында Роскомнадзор басылымның сайтын бұғаттады. 2024 жылы газет Алексей Навальныйдың өлімі туралы мақала жариялап, оның суретін бірінші бетке орналастырғаннан кейін «Собеседник» газетінің редакторларына қоқан-лоққылар көрсетіле бастады. Бұл басылымның тиражы түсіндірілместен сатылымнан алынды.

Сондай-ақ Ресейде «Азаттық» тілшісі 6 жылға сотталған еді. Журналисті «шетел агенті» реестріне қосу үшін құжат тапсырмады» деген айыппен қамауға алды. Ал 2023 жылдың 11 желтоқсанында Құрмашеваға қарсы «Ресей әскері туралы жалған ақпарат таратты» деген айып тақты. Ресей журналисті «Idel.Реалии» сайты 2022 жылы күзде шығарған «Нет войне. 40 историй россиян, выступающих против вторжения в Украину» кітабын таратты деп айыптады.