Кәмелетке толмаған. Алаяқ 20-дан астам астаналықты алдап соққан

Әлихан Асқақ

Алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына ақшалай кредиттерді ресімдеу жоспарын әзірлеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Жәбірленушілердің ақшаларын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген.

Сонымен қатар, жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% түріндегі сыйақы үлесін алатынына сендірген.

Осылайша, ол кәмелетке толмаған 20 жәбірленушінің 11 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған.

«Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Барлық ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны сотта дәлелденді. Сот үкімімен жәбірленушілерге келтірілген залал толықтай өндіріліп, кінәлі сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды» делінген Астана қаласы прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокурорлары тұрғындарға тез және үлкен табыс әкелетін күмәнді мәмілелерден бас тартуды ескертеді, өйткені бұл алаяқтық белгісі болуы ықтимал.