Жұмағарин Ресейдің кей ауыл шаруашылығы өнімдерін шектегенінен алаңдаушылық көрмейді

Ғалиасқар Думан

Вице-премьер Серік Жұманғарин қазақстандық өсімдік шаруашылығы мен бидай өнімдерінің Ресей арқылы транзитіне тыйым салынбағанын, ал сауда төңірегіндегі жағдай маңызды мәселе емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

BAQ.KZ

ШЕКТЕЛГЕН ӨНІМДЕР

Жұманғариннің айтуынша, анықталған карантиндік объектілерге байланысты Ресейге белгілі бір ауылшаруашылық өнімдерін әкелу шектелген. Алайда, бұл Өзбекстанда өндірілген және Қазақстан арқылы транзиттік өтетін өнімге қатысты.

«Шын мәнінде, бүгінгі таңда Ресейге әкелуге шектелген өсімдік шаруашылығы өнімдерінде белгілі бір карантиндік объектілер анықталған.Ол өндірістің көп бөлігі Қазақстандікі емес. Мен Фитосанитарлық сертификаттарды көрдім – шыққан елі Өзбекстан делінген. Бұл бұрыш, қызанақ, қауын. Олар Қазақстанға әкелінді, тазартылды және одан әрі экспортталады. Бұл еліміздің ауыл шаруашылығына ерекше әсер етпейді, алайда жекелеген кәсіпкерлердің қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін», – деді Жұманғарин.

Жұманғариннің пайымдауынша, журналистер мәселенің ауқымын шамадан тыс арттырып, елеулі қауіптер туралы жалған әсер қалдырған.

«Мұндай жағдайлар барлық жерде болып жатыр, Мен бұдан қорқынышты ештеңе көрмеймін. Тыйым біздің өнімдеріміздің Ресей Федерациясы арқылы транзитіне енгізілмеген. Бұл жерде Россельхознадзордың шешімінде Ресей Федерациясының аумағы арқылы тыйым салуды қоспағанда, тыйым жоқ деп нақты айту керек. Бұл өте маңызды семантикалық ескерту» деді ол.

РЕСЕЙ БИДАЙЫНЫҢ ИМПОРТЫНА ТЫЙЫМ САЛУ

Жиында негізгі тақырыптардың бірі Ресей бидайын импорттау мәселесі болды. Қазақстан ішкі нарық пен бағаны тұрақтандыру үшін Ресей бидайын әкелуге тыйым салуға мәжбүр. Жұманғарин бұрын енгізілген уақыт шектеулері нәтиже бермегенін, енді баға белгілеуді ретке келтіру қажет екенін атап өтті.

«Біз енгізген тыйым ішкі нарықты қорғаумен емес, баға белгілеуді реттеумен байланысты. Тоннасына 60-80 доллар тұратын сұр схемалар бойынша әкелінген Ресейден келген бидай біздің нарықты бұзады және мыңдаған фермерлердің еңбегін еш етеді», – деді ол.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИДАЙ ӨНІМІНІҢ ДЕҢГЕЙІ

Жұманғарин сондай-ақ биылғы орақ науқанының көрсеткіштері орташадан жоғары екенін, бидайды экспорттау немесе сақтауда мәселе тумауы керек деді.

«Биыл бізде бидайдың үшінші класы жалпы көлемнің 50% құрайды, бұл өте жоғары нәтиже» деді Жұманғарин.

Вице-премьер осылайша Ресей арқылы өнімнің транзитіне және Ресей бидайының Қазақстанға импортына тыйым салу жағдайы бақылауда екеніне, бұған алаңдаушылық орынсыз екенін сендірді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Россельхознадзор Қазақстаннан бидай, жасымық, зығыр дәні, қызанақ, бұрыш, күнбағыс дәні мен қауын жеткізуге уақытша шектеу қойған. Ресейлік мекеме олардың “карантиндік тауар” деп тапқан.

ДЕПУТАТ ДАБЫЛЫ

Депутат Айдарбек Қожаназаров шектеуге байланысты қалыптасатын ахуал бойынша дабыл қаққан.

Мұндай кедергілер біздің елдің ауылшаруашылығы саласына, жалпылай алғанда экономикамызға салмақ салып отыр: Қазақстандық экспорттаушылар үлкен қаржылық шығынға ұшырады; вагондар тоқтап қалды, өнімдерді жеткізу мерзімі өтіп жатыр. Келісімшартта көрсетілген міндеттемелер бұзылды. Біздің елдің азаматтары сол үшін айыппұл арқалап, шығынға бата бастады, – деген депутат үкімет басшысының атына жолдаған сауалында.

САЛДАРЫ

Депутаттың сөзінше, Россельхознадзордың осындай әрекеті биыл жинадық деп жар салған 25,2 миллион тоннаға дейінгі астықтың бұзылу қаупін төндіріп отыр. Тағы да сападан ұтыламыз, уақыт жоғалтамыз. 

Бұл асыра айтылған әңгіме емес, бірақ ала жаздай бел жазбай еңбек еткен диқандардың еңбегі зая кетудің алдында тұр. Қысқасы, Россельхознадзор енгізген шектеулер Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың талаптарын бұзып тұр. Онымен қоймай Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы тауарлар мен транзиттің еркін қозғалысының басты принциптеріне қайшы келіп отыр – деді ол.