Түркиядағы теракт: қаза тапқандар бар

Ілияс Бақыт

Анкарада TUSAŞ аэроғарыш компаниясының жанында жарылыс болды. Бұл компания ұшқышсыз ұшатын аппараттар өндірумен айналысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

A Haber

ТҮРКИЯДАҒЫ ТЕРАКТ

Түркиялық A Haber телеарнасының мәліметінше, шабуылдаушылар нысанға кірмек болып, күзетшілердің қарсылығына ұшыраған. Осыдан кейін жарылыс болып, атыс басталған.

Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликая оқиғаны теракт деп атады. Ол бірнеше адам зардап шеккенін, тіпті қаза болғандар бар екенін айтты, бірақ нақты мәлімет бермеді.

Бұған дейін Түркияның ұлттық барлау ұйымы Бари Юсубов ұсталғанын хабарлаған. Ол Қазақстан аумағында жұмыс істеген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ақтау қаласының тұрғыны террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін 18 жылға сотталған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер – болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталған.