Теміржолшылар Бұқтырма суқоймасына батып кеткен еліктерді құтқарды деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«2021 жылдың 10 қарашасы. Шығыс Қазақстан облысы Алтай район (Зыряновск), Бұқтырма суқоймасында мұзды суға батып, шыға алмай жатқан асыл тұқымды «ліктерді құтқарып жағаға шығарған жігіттер», - деп видеомен бөлісті Фейсбук қолданушысы Самат Нұртаза.
Мұзды суық суға қатты тоңған еліктер әбден әлсіреп, өздігінен жағаға шығуға күші қалмаған екен. Автор еліктерді құтқарған теміржолшылардың тізімін де жаза кеткен.Олар:
Адиханов Кайрат
Нашинов Махмуд
Никитин Володя,
Русаков Александр,
Касимов Музафар
Байышев Кайрат