АҚШ Газа секторына көмек жеткізілмей жатқанына алаңдайды

Қалижан Бектемір

АҚШ Газа секторына көмекке қосымша 135 миллион доллар бөледі. Бұл туралы Катарға сапары кезінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: DPA/TASS

АХУАЛ КҮРДЕЛІ

Осылайша, америкалықтар кейінгі бір жыл ішінде бұл елге бір миллиард 200 миллион долларға гуманитарлық көмек көрсетіп отыр. Қазір Газадағы ахуал күрделі. Төрт тұрғынның үшеуі кедейлікте өмір сүреді. 133 мың адам аштық алдында тұр.

Ол аздай, халықаралық ұйымдар Израиль әскері тарапынан гуманитарлық көмектің жеткізілуіне қатысты шектеулер барын айтады, – деп хабарлайды 24.kz.

БЛИНКЕН БҮЙ ДЕЙДІ

Қаржы бөлу жеткіліксіз. Гуманитарлық көмек Газа секторының шекарасына әкелінеді. Бірақ әрі қарай мұқтаж жандарға жете ме, жоқ па – бұл жағын жіті қадағалау керек. Біз Израиль тарапына осыны тапсырдық. Газа Секторындағы гуманитарлық дағдарысты шешу бойынша іс-әрекеттерімізді жалғастыра беруіміз қажет. Күн сайын қаншама адам қиындыққа тап болуда. Арасында балалар мен әйелдер көп. Қыс жақындаған сайын олардың жағдайы тіптен ушығып барады, – дейді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Палестина көшбасшысы Махмуд Аббас Газадағы қақтығыстарды тоқтатуға үмітенетінін жеткізген. Сондай-ақ Газа секторында дәрі-дәрмек тапшы екенін де хабарлағанбыз.