Зеленский БҰҰ Бас хатшысын Украинаға келгізбеді

Сырым Қаржас

Францияның AFP ақпарат агенттігі мен "РБК-Украинаның" хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің БРИКС саммитіне қатысуына байланысты оның Киевке келуін құп көрмей, қабылдамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

dw.com/Alexander Shcherbak/ITAR-TASS/IMAGO

Бұл туралы AFP агенттігі жұма, 25 қазанда мемлекет басшысына жақын жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Ақпаратты “РБК-Украина агенттігінің” президент кеңсесіндегі дереккөздері растады.

«Қазаннан кейін (Гутерриш - ред.) Украинаға келгісі келді. Бірақ президент оның сапарын мақұлдамады. Сондықтан Гутерриш, атап айтқанда, Қазандағы парасаттылық пен халықаралық құқықты қорлағаны үшін мұнда келмейді», деп, дереккөз иесі AFP-ға жеткізген.

Ал Гутерриш Қазанда өткен саммитте Украинаны «әділ бейбітшілікке» шақырды.

"Біз үшін Украинада бейбітшілік орнағаны керек. Әділ бейбітшілік – БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқыққа және әлемдік ұйымның Бас Ассамблеясының қарарына сай келеді", - деді Гутерриш.

Оның айтуынша, «барлық мемлекеттердің егемендігі, аумақтық тұтастығы және саяси тәуелсіздігі қағидаттарын» құрметтеу қажет.