Құжатқа сәйкес, елдің экспорттық атауы өзгертілуде. Шетелге экспортталатын барлық өнімдерде Made in Türkiye деген жазу болуы қажет, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
asiaplustj.info-ның мәліметінше, Түркия атауы енді Түркияның барлық ресми құжаттарында, соның ішінде бұрын Turkey, Turkei, Turquie сияқты әртүрлі этнонимдер қолданылған шетелдермен хат-хабарларда қолданылады.
«Ел атауын түзету Анкараның Түркияның халықаралық аренадағы беделін арттыру үшін қабылдап жатқан жалпы шаралар кешеніне сәйкес келеді», - делінген жарлықта.