Грузиядағы сайлау: «Грузин арманы» 52,98% дауыспен көш бастап келеді

Сырым Қаржас

Сайлауда 52,98% дауыс жинаған биліктегі «Грузин арманы» партиясы көш басында келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

GIORGI ARJEVANIDZE/AFP via Getty Images

Бұны ОСК сайлау учаскелерінің 69 пайызындағы мәліметтерді жинақтағаннан кейінгі хабарлама айғақтайды.

Партияның өзі ел парламентіндегі 150 мандаттың 90-ға жуығын алғанын мәлімдеді.

Дегенмен оппозиция да сайлауда айтарлықтай жеңіске жеттік деп отыр.

Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 68,69 пайызын өңдегеннен кейін биліктегі «Грузин арманы» партиясы 52,98 пайыз дауыс жинағанын жеткізді. ОСК жариялаған алғашқы деректер және дауыстарды санау жалғасуда, алдағы сағаттарда нәтиже жаңартылатын болады.

ЕЛДЕГІ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ

Грузиядағы парламенттік сайлау заңнамасы бойынша 150 депутат толығымен пропорционалдық жүйемен сайланады. Парламентке өту үшін партиялар бес пайыздық межені еңсеруі керек.

Сонымен қатар, Грузияда парламенттік сайлау алғаш рет электронды технологиялар арқылы өтіп жатқанын айта кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Грузия президенті Саломе Зурабишвили жексенбі күні Тбилиси орталығында оппозициялық күштердің елдің еуроинтеграциясын қолдауға арналған акциясына қатысқан болатын.