Германияда тісін қаратқаннан кейін 4 жасар қыз қайтыс болған: анестезиолог сотталуы мүмкін

Ғалиасқар Думан

Германиядағы анестезиологқа өмір бойына бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Оның кінәсінен тіс дәрігеріне барғаннан кейін төрт жасар қыз қайтыс болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

BILD

МӘН-ЖАЙЫ

Оқиға 2021 жылғы қыркүйекте Кронбергтегі (Гессен) стоматологиялық клиникада болған. Анестезиолог болып жұмыс істеген дәрігер төрт балаға ауырсынуды басатын ластанған дәрі салған, деп жазады BILD басылымы. Балалардың бірі Эмилияның қанына микроп түсіп, салдарынан қаза тапқап. Қалған балалар әртүрлі жарақат алған.

ПРОКУРОР АЙЫПТАУЫ 

Прокурор дәрігер уақытылы медициналық көмек көрсетуге кедергі келтірген, бұл қайғылы жағдайға әкелген деп мәлімдеді. Ол дәрігерді әрекетсіздік жасады деп, кісі өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыптауда айтылған мәліметерге қарағанда, дәрігер өзінің іс-әрекетін және гигиенадағы елеулі кемшіліктерді жасыру үшін балаларды ауыр жағдайына қарамастан саналы түрде клиникаға жібермеген. Прокурор дәрігер мұны қанға вирус түскенін жасыру үшін жасағанын, өйткені уақыт өткеннен кейін мұны анықтау қиын болатынын айтады. Айыптаушы ауыр жағдайда балаларға көмектесуден бас тарту кісі өлтірумен тең деп санайды. Сондықтан дәрігерге қосымша тағы үш баланы өлтіруге оқталғаны үшін айып тағылған.

БҰРЫН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛҒАН

Іс барысында дәрігер бұрын жауапкершілікке тартылғаны наықталды. 2019 жылы оны Мангеймдегі науқастың өліміне кінәлі деп тапқан. Ол кезде ол науқасқа анестезия салып, оның жағдайын бақыламаған. Науқас есінен танып қалып, ол жедел жәрдемді кеш шақырған.

Айыптаушы тарап Эмилияға уақытылы көмек көрсетілгенде оны құтқарып қалу мүмкін еді деп санайды.