Саша Барон «Бораттың» кейпінде тағы да қазақстандықтардың ашуына тиді

Ғалиасқар Думан

«Борат» рөлімен танымал британдық комик Саша Барон кезекті рет қазақстандықтардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

фото: ашық дереккөз

МӘН-ЖАЙЫ

Коэн Джимми Фэллонның шоуына «Бораттың» образында келген ол Қазақстанда KFC тауық етінен емес, мысықтан жасалады деп қалжыңдаған.

Сондай-ақ ол “АҚШ вице-президенті Камала Харрис Қазақстанға келмегені дұрыс, өйткені еврейге үйленген қара нәсілді әйелдің елге келуін дұрыс қабылдамауы мүмкін деді.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ РЕАКЦИЯСЫ

Саша Баронның әзілі көптеген қазақстандықтардың ашуын келтірген. Олар комик Қазақстан туралы абыройға нұқсан келтіретін стереотиптер таратуын жалғастырып келеді деп санайды.

ФИЛЬМНЕН ТУҒАН НАРАЗЫЛЫҚ

Британдық комик көпшілікке Али Джи, Бруно Гехард, генерал-адмирал Аладин және Борат Сағдиев секілді сатиралық образдарымен танымал. Қазақстандықтар оны дәл осы Борат Сағдиев есімді ойдан шығарылған журналист образымен таниды. Журналистің АҚШ-қа саяхатын көрсететін «Борат» фильмі Қазақстанды бұрмаланған және стереотиптік тұрғыдан көрсетеді. Содан бері «Бораттың» бейнесі Қазақстанда жанжал мен наразылық себебіне айналды.