Филиппинде Трами дауылы салдарынан 5,7 миллион адам үйін тастап қашты

Сырым Қаржас

Филиппинде Трами дауылы кезінде болған нөсер жауын, су тасқыны, көшкін салдарынан 5,7 миллион адам үйін тастай қашып, 85 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аa.com

Филиппиннің солтүстік-шығысында Трами тропикалық дауылы себеп болған жаңбыр, су тасқыны және көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 85-ке жетті.

Азаматтық қорғаныс бюросына (OCD) сілтеме жасаған Manila Times газетінің хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артуы мүмкін.

Табиғи апат салдарынан 5,7 миллион адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды, ал 92 мыңға жуық адам уақытша орналастыру орталықтарында, деп хабарлады Төтенше жағдайлар қаупін азайту және басқару ұлттық кеңесі.

Дауылдың салдарынан 27 мыңнан астам үй, 520 жол және 84 көпір зақымданған. 

Билік өкілдерінің айтуынша, дауыл салдарынан ауылшаруашылық жерлері мен инфрақұрылымы айтарлықтай зардап шеккен.