Есірткі саудасы. Үш күнде 66 қылмыс тіркелген

Әлихан Асқақ

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

ІІМ 2024 жылдың 28 қазанында берген ақпаратқа сай, үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстаған, олардың екеуі шетел азаматы.

Сондай-ақ есірткіге қатысты 66 құқық бұзушылық тіркелген, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі.

Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг "синтетика" және 11 кг марихуана тәркіленген.

Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.