Бұл соңы емес: Грузиядағы наразылық шеруі аяқталды. Оппозиция енді не істейді

Ілияс Бақыт

Тбилисиде парламент сайлауының нәтижелеріне қарсы наразылық акциясы аяқталды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

МИТИНГ АЯҚТАЛДЫ

Оппозиция лидерлері алдағы жоспарлары туралы кейінірек хабарлайтынына уәде етті. Олардың жақтастары Еуроодақ пен Грузия гимндері орындалғаннан кейін тарқасып кетті.

Осы уақытта АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер Грузия үкіметіне бағытын өзгертпесе, "қосымша салдарлар" болатынын ескертті, ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Грузия билігімен байланысудан бас тартпайтынын мәлімдеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Тбилисидің басты көшесі – Руставели даңғылы парламент сайлауының нәтижелеріне қарсы наразылық акциясына байланысты жабылған.

Грузиядағы сайлауда «Грузин арманы» партиясы 52,98% дауыспен көш бастаған.

Көп ұзамай Грузия оппозициясы сайлау нәтижесін мойындамай, митингке шығатынын мәлімдеді.

КІМ ЖЕҢІМПАЗ

Грузияның орталық сайлау комиссиясының кейінгі алдын ала қорытындысына сәйкес, биліктегі "Грузин арманы" партиясы 53,92 пайыз дауыспен алда тұр. Парламентке өтуге қажет бес пайыздық межені төрт оппозициялық күш еңсерді: "Өзгерістер үшін коалициясы" (11,04 пайыз), "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясы (10,16 пайыз), "Қуатты Грузия" (8,8 пайыз) және Гахарияның "Грузия үшін" партиясы (7,8 пайыз).