«Қазгидромет» РМК 14 облыста бойынша дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана қаласында 29 қазанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қаласында 29 қазанда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.
29 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
29 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
29 қазанда Ақмола облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 қазанда Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
29 қазанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.
29 қазанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
29 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.
29 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, түнде және таңертең екпіні 23 м/с.
29 қазанда Абай облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде және таңертең екпіні 25 м/с.
29 қазанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
29 қазанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
29 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
29 қазанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.