"Депардье, сен масқара болдың”: Белгілі актердің соты 5 айға шегерілді

Ғалиасқар Думан

Француз актері Жерар Депардьенің жыныстық зорлық бойынша соты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Фото: Berzane

France Info мәліметінше, сот бес айға шегеріліп, 2025 жылғы 24-25 наурызға ауыстырылған.

Актердің өзі Париж қылмыстық сотының алғашқы отырысына келмеді. Отырыс басталғанға дейін жүзге жуық феминистік белсенділер сот алдында "Депардье, сен масқара болдың” деп айқайлап демонстрация өткізді.

Басылым актер бірінші отырысқа денсаулығына байланысты қатыспағанын жазды.

МӘН-ЖАЙЫ

Бірінші отырыстың басталуына бірнеше сағат қалғанда 75 жастағы актердің адвокаты Жереми Ассу актер денсаулығына байланысты сотқа қатыса алмайтынын айтұан.

"Жерар Депардье қатты ренжулі, өкінішке қарай дәрігерлер оған тыңдауларға қатысуға тыйым салды", – деді ол France Info радиостанциясының эфирінде.

Айыпталушы отырысқа қатысып, сөз сөйлей алуы үшін отырысты кейінге қалдыруды сұраған.

ДЕПАРДЬЕГЕ ТАҒЫЛҒАН АЙЫП

BILD басылымының жазуынша, белгілі актер 2021 жылы Les Volets verts ("Жасыл жапқыштар") фильмін түсіру кезінде екі әйелге жыныстық қысым көрсеткен.

Картинада жұмыс істеген декоратор және режиссердің көмекшісі Депардьені жыныстық зорлық, жыныстық қолсұғушылық және сексистік қорлау бойынша айыптаған.

АДВОКАТ УӘЖІ

Актердің адвокаты Жереми Ассу Депардье бүгінгі отырысқа жеке өзі келетінін мәлімдеген.

"Ол ұсынатын куәгерлер мен дәлелдер Депардье жалған айыптаулардың нысанына айналғанын көрсетеді. Талапкерлер өтемақы өндіріп, 6 000-нан 30 000 еуроға дейін байып қалуды көздейді” дейді актердің адвокаты.

КУӘГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ

Куәлердің сөзінше, Депардье түсірілім алаңында өзіне бағынышты әйелдерді сүйіп, олардың кеуде тұсына қолын жүгіртіп, азғындық танытқан.

"Мен онымен бірге түсірілімде болдым. Ол ешқашан "доғар" дегенді естіп көрмеген, әрекетін қоймайтын құбыжық” деді Депардьенің әріптесі, актриса Матье Кассовиц.

БОЙКОТ

Кейбір француз телеарналары Жерар Депардье қатысқан фильмдерді таратудан бас тартқан. Сонымен қатар, оның Париждегі Гревен мұражайындағы балауыз мүсінін бөлшектеп, оны Құрметті легион орденінен айырған.

Киносыншылардың пікірінше, "Жасыл жапқыштар" фильмі Депардьенің ұзақ фильмографиясындағы соңғы туырды болмақ. Ол жыныстық қудалау бабы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жерар Депардьеге қарсы бес сі қаралуда. Оның үстінен 21 әйел шағымданған.