Путин Қазақстанға тағы келеді

Сырым Қаржас

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин Қазақстанға баратынын БАҚ-қа растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ТОЛЫҒЫРАҚ  

Песков ТАСС-қа берген жауабында Владимир Путиннің Қазақстанға сапарына белсенді дайындық жүргізіліп жатқанын айтты, бірақ нақты күндері белгіленбеген. Ол нақты қашан баратынын кейінірек хабарлауға уәде берген.

Айта кетейік, Ресей мен Қазақстан президенттерінің ықтимал жеке кездесетіні үкіметаралық комиссияның хаттамасында – 27 қарашада пайда болған.

КЕЗДЕСУДЕ НЕ ТАЛҚЫЛАНУЫ МҮМКІН  

Бұған дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге тыйым салу мәселесі көтерілген болатын. Алайда жауап айтылмады – болашақта мәселе талқыланатыны белгілі болды. Бұған дейін Россельхознадзор Қазақстан билігінен Ресейге әкелінетін өнімдерге фитосанитарлық және құжаттамалық бақылауды күшейтуді сұраған болатын. Ұйым басшысының орынбасары Юлия Швабаускене импортталатын қазақстандық жеміс-көкөніс өнімдерінде "карантиндік объект фактілерінің жиілеп бара жатқанына" алаңдаушылық білдірді.

Ресей мен Қырғызстан өкілдері Қазақстанды айналып өтіп, елдер арасындағы баламалы маршруттың пайда болуы мүмкін екенін де талқылаған.