Семейде түрмеге түйілген манты ішіне есірткі жасырып кіргізбек болған тұрғын ұсталды

Әлихан Асқақ

Абай облысында сотталғанға есірткі жасырып кіргізбек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Polisia.kz сайтының ақпаратына қарағанда Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемесінде тексеру тобының қызметкерлері мекеме аумағына есірткі түйілген мантылардың жеткізілуінің жолын кескен.

Жазасын өтеуші танысына кездесуге келген 29 жастағы Семей қаласының тұрғыны 24 мантының ішіне ет орнына есірткі түйіп әкелген. Тәртіп бөлімінің тексеру тобы мен ұлттық ұлан қызметкерлері, келушінің сәлемдемесін тексеру барысында, 24 мантының ішіне жасырылып түйілген есірткіні тауып, тәркіледі. Мантытүйгіш семейлік 24 мантының ішіне барлық салмағы 650 грамнан асатын гашиш салған .

Сотталғанның семейлік танысының құқық бұзушылығы бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 297-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – дейді мекеме бастығының орынбасары Ерсін Ахметжанов.