Квадробер болу харам ба – мүфтият не дейді

Ілияс Бақыт

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Елбек Тасболатұлы квадроберлер туралы муфтияттың пікірін бөлісіп, бұл әрекеттер ислам нормаларын бұзу екенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай іс-әрекеттегер шариғатта тыйым салынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  BES.media-ға сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

КВАДРОБЕР ДЕГЕН КІМ?

Квадроберлер – негізінен жасөспірімдер, олар жануарлардың қозғалыстарын имитациялап, маска мен құйрық тағады. Бұл субмәдениет биыл негізінен Еуропада танымал болды. Кейбіреулер квадроберлікті спорт түріне жатқызады, өйткені көптеген қозғалыстар бұлшықеттерді дамытуға әсер етеді.

МҮФТИЯТ НЕ ДЕЙДІ?

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының өкілі Елбек Тасболатұлының айтуынша, квадроберлік ислам дінінің нормаларына қайшы келеді.

"Алла Тағала Құранның "Исра" сүресінің 70-аятына: "Шындығында, біз адамды құрметті, қасиетті еттік" деп айтқан. Бұл адам – ең құрметті әрі лайықты жаратылыс екенін білдіреді. "Тин" сүресінде: "Біз адамзатты ең кемел түрде жараттық" делінген. Біздің сыртқы бейнеміз бен аяғымызбен жүруіміз – бұл Алланың бізге берген сыйы", – деді муфтият өкілі.

СОНДА КВАДРОБЕРЛІК ХАРАМ БА?

Маманның сөзінше "Бұл харам емес, тыйым салынған әрекет." 

БҰҒАН ДЕЙІН

Квадробика туралы “Жаңа тренд: Квадробика қауіпті ме” атты арнайы материал әзірлеген едік. 

КВАДРОБИКА ҚАУІПТІ МЕ?

Квадробиканың балалардың психикасына теріс немесе оң әсері туралы толыққанды зерттеулер әлі жоқ. Балалар психологы Александра Бугаеваның айтуынша, квадробика ойын әрекеті арқылы тұлғаның дамуына ықпал етеді. Маманның пікірінше, кәсіби айналыспайынша, бұл үрдіс ойын ретінде қала бермек.