Украина Еуропа одағына қашан қабылдатыны белгілі болды

Ілияс Бақыт

Украина мен Молдова Еуропалық Одақтың мүшесі бола алады. Бұл туралы еурокомиссар Оливер Вархейи айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.

Ulysmedia.kz\ЖИ

Еурокомиссия алғаш рет Украинаның және Молдованың ЕО-ға мүшелікке енуінің нақты мерзімін атады.

"Біз Батыс Балқан елдері, Молдова және Украина үшін реформаларды жеделдетуге көмектесу мақсатында қосымша құралдар жасадық. Бұл құралдар "Өсу жоспары", "Украина жоспары" деп аталады, әр елге байланысты өзгереді. Осы жоспар арқылы біз Батыс Балқан, Молдова және Украина үшін реформаларды аяқтап, келесі Еуропалық комиссия мандатының соңына қарай ЕО-ға мүше болуға мүмкіндік жасадық", – деп мәлімдеді көршілес және кеңею мәселелері бойынша еурокомиссар Оливер Вархейи.

Еурокомиссия мандаты бес жылға созылады, келесі мандат 2029 жылы аяқталады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Гудермес қаласындағы Ресей арнайы күштері университетіне жасалған дрон шабуылынан тұтқында отырған Украина сарбаздары қаза тапқанын айтқан.

Ал НАТО ұйымы бірер күн бұрын Солтүстік Корея әскерлері Ресей мен Украина шекарасында Курск облысына жеткенін растады.