Алматыдағы Мақатаев көшесінде осы жылдың маусым айында болған жол-көлік оқиғасы бойынша іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
30 қазанда қылмыстық істер бойынша материалдар Алмалы аудандық сотына түскен. Сот процесі басталатын күн әлі белгісіз.
АВТОБУС АПАТЫ
Маусым айында Алматыда Kia көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, City-Bus ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-маршруттық автобуспен соқтығысқан. Автобус соққы инерциясымен алкомаркетке соғылған.
Автобус апатынан 1 адам қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шеккен.
Кейін жол апатына кінәлі Kia көлігінің жүргізушісі "5:32", "Эскорт" және басқа да танымал сериалдардың продюсері Анель Сартаева екені белгілі болды.
Күдікті бастапқыда қамауға алынып, артынша үйқамаққа жіберілген.