Қайрат Боранбаев жаңа лауазымға тағайындалды

Әлихан Асқақ

ФИФА мен УЕФА, ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, аймақтық футбол федерацияларының делегаттары мен Атқарушы комитет мүшелері қатыстықан жиында Боранбаев жаңа лауазымға тағайындалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, күн тәртібінде ҚФФ Жарғысына өзгерістер мен толтықтырулар енгізу, қаржы есебін бекіту және ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамын өзгерту туралы мәселелер қаралған. 

Сондай-ақ ҚФФ Атқарушы комитет мүшелігіне «Қайрат» футбол клубынан Қ.С.Боранбаев алынды.

Естеріңізде болса, 2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ жымқыру және ақшаны жылыстату ісі бойынша үкім шығарды. Ол мүлкі тәркіленіп, президентке оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныспен және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайрат Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеп берді. Сондай-ақ Боранбаевтың компаниялары Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион доллардан астам қаржы аударғаны белгілі болды.

2023 жылдың 16 қазаны мен 18 қазаны аралығында Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың мүлкінің мемлекетке өткені туралы хабарлады. Олардың ішінде құны 1,4 миллиард теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешені, кеңсе бөлмелері, сауда-ойын-сауық кешені, спорттық-сауықтыру жүйесі, «Қаражанбас Северный» кен орны, «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясы, сондай-ақ «Азия Газ Чунджа» газ таратушы зауыты бар. «KazTurboRemont Service Center» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу. 2023 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы Зеренді аудандық соты Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырғаны белгілі болды.

Көп өтпей Боранбаевтың өзі бостандыққа шықты.