Атыраудан Ақтауға ұшатын рейс күні бойы кешігіп жатыр

Сырым Қаржас

Атырау халықаралық әуежайында 2 қараша күні сағат 06:40-та ұшып шығуы тиіс FlyArystan әуе компаниясының Ақтау бағытындағы рейсі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Tengritravel.kz.

Ақтаудағы қою тұман ұшақтың қонуына мүмкіндік бермеген.

Бастапқыда жолаушылар отырғызылған, бірақ Airbus 320 ұшпайтыны белгілі болып, барлық жолаушы әуежай ғимаратына қайтарылған.

Одан кейін рейс уақыты бірнеше рет өзгертіліп, ақыры жолаушыларға жаңа жоспарланған рейс 23:30-да болатыны хабарланды.

Жолаушылардың айтуынша, осы уақыт ішінде оларға ыстық тамақ та, қонақүйде тұру мүмкіндігі де ұсынылмаған.

Әуе компаниясының өкілдері мәселені шешуге уәде берді, бірақ әлі ешқандай шара қолданбай отыр.

Дегенмен баратын жеріне кешіккен жолаушылар билеттерін қайтарып, өз бетінше Ақтауға жетудің балама жолдарын іздеуге көшкен.

Кейбіреулер қымбатшылыққа қарамастан такси ұстаған. Өткен аптада Атыраудан Ақтауға дейін жол жүру бағасы 15 мың теңгеге дейін көтерілген, жол 7-8 сағатты алады.