Арктикадағы Месяцев аралы түбегейлі жойылып кетті

Сырым Қаржас

Арктикадағы Франц Йозеф Жер архипелагындағы Месяцев аралы біржола жоқ болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

rgo.ru

Құбылыс МАИ доценті Алексей Кучейконың жетекшілігімен жүзеге асып жатқан «РИСКСАТ» аймақаралық жобалық тобының оқушылары мен студенттерінің спутниктік суреттерінен анықталды. Бұл туралы Ресей географиялық қоғамы мәлімдеді.

«Арктикадағы Франц-Иосиф жер архипелагының Ева-Лив аралында бұрын «Месяцев аралы» деп аталып кеткен мұз қабаты еріп кетті. Біз оны 2020-2022 жылдар аралығында бақыладық. Қазір арал біржола еріп кетті, бұл әрине навигациялық карталарға түзету енгізуді қажет етеді», – деді Кучейко.

Топ бірнеше жыл бойы бұл нысанды бақылаған. Жерді қашықтан зондтау деректерінің ашық мұрағаттарынан алынған спутниктік суреттермен жұмыс істеу студенттер мен оқушыларға экология, табиғатты қорғау, авариялар мен төтенше жағдайлардың салдарымен байланысты әртүрлі тақырыптарда жобалық зерттеулер жүргізу үшін ақпаратты өңдеу технологияларын үйренуге мүмкіндік береді.

Спутниктік суреттерге сәйкес, Месяцева аралы 1995 жылға дейін Ева-Лив аралындағы мұздықтың еруі нәтижесінде аттас түбекте пайда болған. Бұл фактіні 2018 жылы «Арктикалық архипелагтар» жобасының экспедициясы, ал 2021 жылы Ресей Арктикалық ұлттық паркінің қызметкерлері растады.