"Қанталаған көз". Қуатты телескоптар қорқынышты қос галактиканы тапты

Сырым Қаржас

Әлемдегі ең қуатты екі ғарыштық телескоп ғарыш кеңістігінен таңғаларлық галактикалар жұбын тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Space.com

Екі галактиканың «қанталаған көздері» тың фотосуреттерде анық көрінеді.

Бұл туралы Space.com хабарлады.

“Джеймс Уэбб пен Хаббл ғарыштық телескоптары IC 2163 және NGC 2207 деп аталатын екі спиральды галактиканы суретке түсіру үшін бірігіп жұмыс істеді. Соқтығысқан галактикалар жұбы 80 миллион жарық жылы қашықтықта жатқан Канис Мажор шоқжұлдызында орналасқан”, деп жазады Space.com.

Қазіргі уақытта бұл галактикалар жұбы соқтығысу процесінде және ақыр соңында бір галактикаға бірікпек. Бұл процесс шамамен миллиард жылға созылады.

«Осы галактикаларға мұқият қарасаңыз олар еті жоқ беттің жоғары жағынан қан ағып жатқандай көрінеді. Олар ғарыштың түпкі қараңғылығынан жалындаған көз тәрізді ұзақ, қорқынышты «қарайды», – деп жазды басылым  Джеймс Уэбб деректер өңдеу тобы берген сипаттамаға сүйеніп.