Өзгенің көлігін сатып жіберген қызылордалық алаяқ қолға түсті

Сырым Қаржас

«Lexus» көлігін сатып беремін деп, иесіне не ақшасын, не көлікті қайтармаған қызылордалық алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Алаяқтың құрбаны болғаны туралы қызылордалық азамат полицияға арызданған. Оның айтуынша белгісіз жергілікті тұрғын өзінің сеніміне кіріп, «Lexus» автокөлігін сатып беремін деп уәде беріп, көлікті иемденіп алған. 

«Күдікті қала тұрғынына жалған айтып, автокөлігін сатып жіберген. Өзінің алданғанын түсінген азаматша дереу полиция басқармасына арызбен жүгінді. Жәбірленушіге 5,6 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 28 жастағы күдікті ұсталды. Ол Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.