ІІМ: “Хизб-ут-Тахрир” діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобы жойылды

Ғалиасқар Думан

Ішкі істер министрлігі Түркістан облысында экстремистік ұйымның тобы жойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Видеодан скриншот

МӘН-ЖАЙЫ

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Кентау қаласында “Хизб-ут-Тахрир” діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын жойған.

Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізуге бағытталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды. Топ мүшелері “Хизб-ут-Тахрир” шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған” делінген хабарламада.

ЖЕТЕКШІСІ

ІІМ мәліметінше, топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталған.

“Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жаты” деп хабарлады министрліктің ресми ақпараттық ресурсы.