Қазақстар-Ресей шекарасы бойынша кезекті – 143 отырыс өтті

Ғалиасқар Думан

Сыртқы істер министрлігі брлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз қырық үшінші отырысы өткенін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

НЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

“Тараптар мемлекеттік шекара сызығының әртүрлі учаскелерінде оны белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады, демаркациялаудың қорытынды құжаттарының тиісті жобаларын, сондай-ақ 2025 жылға арналған Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясы жұмысының және камералдық жұмыстардың жоспар-кестелерін бекітті.

Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы желтоқсан айында Ресей Федерациясының аумағында өтеді” делінген хабарламада.

ШЕКАРА ҰЗЫНДЫҒЫ

Қазақстан-Ресей шекарасы – әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы, оның аумағы 7 598,8 км. Оның ішінде 5936,1 км жер шекарасы, 1516,7 км өзен шекарасы, 60 км көл шекарасы. Теңіз шекарасының ұзындығы – 85,8 км. Салыстыру үшін Канада-АҚШ шекарасы ұзындығы 8 891 км, бірақ онда Аляска мен АҚШ континенттік штаттары арасында алшақтық бар.