«Система» зерттеу басылымы Ресейдің Украинамен бейбіт келісімге қатысты алғашқы ұсыныстарын қолға түсіріп, оның мазмұнын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей бұл құжатты Украинаға басып кіру басталғаннан кейін көп ұзамай жіберген.
ШЫНАЙЫЛЫҒЫ РАСТАЛҒАН
ВВС мәліметінше, құжатты Ресей делегациясы 2022 жылдың наурыз айында Беларусьтегі келіссөздер кезінде украиналық тарапқа тапсырған. Ресейдің қойған талаптары Кремльдің Украинаға қандай ел ретінде қарағанын көрсетеді, деп есептейді зерттеу авторлары. Құжаттың түпнұсқасын украиналық дереккөз көрсеткен, оның шынайылығын Ресейдегі дереккөз растаған.
ӘСКЕРГЕ ҚАТЫСТЫ
Ең алғашқы келіссөздерде Ресей делегациясы Киевке толық капитуляцияны ұсынған. Атап айтқанда, Ресей Украина армиясын 50 мың адамға дейін қысқартуды талап еткен. (бұл 2022 жылға дейін Украинада болған саннан бес есе аз). Құжат жобасында армияда тек төрт кеме, 55 тікұшақ және 300 танк қалатыны көрсетілген – бұл көрші Беларусь армиясындағыдан да аз.
СЕПАРАТИСТІК АУМАҚТАРДЫ ТӘУЕЛСІЗ ДЕП ТАНУ
Тағы бір тармақ Украина Донецк және Луганск облыстарындағы өзін-өзі жариялаған ДНР мен ЛНР-ді мойындап, 2014 жылдан бері жүргізілген әскери әрекеттерден келген зиянды өтеуге міндеттенуі керек еді.
ТІЛ МӘСЕЛЕСІ
Сонымен қатар, Ресей Украинадан орыс тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындауды және елде «нацизмді жеңумен» байланысты символиканы пайдалануға тыйым салуды талап етті.
«Система» басылымының жазуынша, бұл факті бойынша Мәскеу Украинада декоммунизация саясатына қарсы советтік дәуір символдарын қайта заңдастыруды талап етті.
САНКЦИЯ ЖАЙЛЫ
Мәскеу сондай-ақ барлық санкцияларды, оның ішінде украиналық және халықаралық санкцияларды жоюды және 2014 жылдан бері берілген барлық халықаралық талаптарды қайтарып алуды талап еткен.
2022 жылдың сәуір айының басында – Ресей армиясы жылдам жеңіске жете алмайтыны белгілі болғанда Стамбулда өткен келіссөздерде талаптар едәуір жұмсарған. Бірақ сол кезде де тараптар келісімге келе алмаған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Жуырда Украина президенті АҚШ-тағы сайлау нәтижесіне қарамастан, территориямызды Ресейге бермейміз деп мәлімдеген.
Сондай-ақ оның өзіндік “жеңіс жоспары” бар. Ол 5 бөлімнен тұрады: Біріншісі – Украина НАТО-ға мүше болып кіру керек, екіншісі – қорғаныс. үшіншісі – Ресейге қысым. Төртіншісі –Украинаның триллион долларлық маңызды ресурстарын Ресейге беріп қоймау, бесінші – Еуропадағы немесе келісілген жерлердегі Америка контингентінің бір бөлігін Украиналық сарбаздарға алмастыру.
Алайда Ресейдің Украинаға басып кіруі екі елге де ауыр шығын әкелген ұзаққа созылған соғысқа айналды. Украинаның серіктес елдері де соғыстың әсерінен қажи бастаған. Әскери және қаржылық көмек бәсеңдегендіктен, Украина әскері Ресейдің шабуылына төтеп беру үшін өз күшін сақтауға мәжбүр.