Синоптиктер 5 қараша күнгі ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жуады. Облыстың батысында солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын соғуы ықтимал.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с
Манғыстау облысының солтүстік-батысында нөсер жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Қызылорда қаласында түнде тұман түсуі мүмкін.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с .
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады екпіні 15-20 м/с сақталады. Павлодар қаласында түнде көктайғақ, тұман түсуі мүмкін.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаууы ықтимал. Облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с.
Шымкент қаласында нөсер жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі мүмкін деп болжанады.