«Кезектің өзі 15 шақырым, бұл неткен бассыздақ»: ҚР-РФ шекарасында 280 жүк көлігі кептеліп тұр

Сырым Қаржас

Атырау облысында – Қазақстан-Ресей шекарасында ұзын-сонар жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Соңғы есептерге қарағанда, 280 жүк көлігі ары өте алмай тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

ЕНДІ НЕ ІСТЕЙМІЗ

– Құрманғазы шекарасы, кедені. 15 шақырымға созылған кезек болды. Екі тәулік болды. Қазір бес шақырым қалды. Үкімет тарапынан ешқандай жүргізушілерге жағдай жасалмады. Бұл не деген бассыздық? Бұған не істейміз? Басқа елдің жүк көліктерінің жүргізушілері де тұр, – деп шағымданады  Ulysmedia.kz порталына видео жолдаған жүргізушілердің бірі.

Шекарада шетелдің жүргізушілері де шағымдануда.

ЖАУАПТЫ ОРГАН НЕ ДЕЙДІ

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Атырау – Астрахань тас жолында жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды. Кезекте 250-300 автокөлік тұр. Дегенмен пункттің өткізу қабілеті тек 200 көлікпен шектелген.

– Мәселені жедел түрде шешу үшін Атырау облысы бойынша МКД-да пунктте жұмыс істейтін мамандар саны 14 қызметкерге дейін ұлғайды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ведомство сондай-ақ көлік 2023 жылдан бастап өткізу пункттерінде жұмыс істей бастаған CarGoRuqsat электронды кезек жүйесі арқылы өтетінін атап өтті. "Құрманғазыда" жүйе 9 қыркүйектен бастап жұмыс істейді. “Қазір электронды кезекке байланысты проблемалар жоқ: барлық жүргізушілерде өту талондары бар” деп сендірді комитет.