Үйін жасырып, жалған құжат өткізген ҚАЖ қызметкерлері 3 жарым жылға сотталып кетті

Ғалиасқар Думан

Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше, №17 мекеме бастығының бұрыңғы орынбасары мен аға инспекторы жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.

Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбайдың "аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкерелегенін" хабарлаған.