Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Хасан Қасымбаев ісінде полиция қызметкерлері бірге әрекет еткен тұлғалар ретінде қарастырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Лепеханың айтуынша, қылмыстық іс аясында барлық оқиғаны мән-жайы анықталып жатыр. Алайда полиция қызметкерлері қылмыстық топты немесе Қасымбаевтың өзін жасыруға көмектескен деген мәселе қаралып жатқан жоқ.
– Қылмыстық іс аясында барлық жағдайлар анықталады, қазіргі уақытта біздің қызметкерлеріміз туралы мәселе жоқ. Бұған дейін осы сұраққа жауап берген болатынмын. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты одан ауыр қылмысқа қатысқан деген күдікпен жауап алынуда. Біздің қызметкерлер алғашқы кезеңде барлық процессуалдық іс-әрекеттерді орындады, – депді Лепеха.
ҰҚТ ТІЗІМІ
Сондай-ақ Лепехадан Қазақстандағы қылмыстық топтар тізімінің бар-жоғы туралы сұралды. Ол мұндай құжат бар екенін және ондағы есепте азаматтар тізімделетінін айтты.
ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Хасан Қасымбаев 2 қараша күні 2021 жылғы маусымда болған іс аясында ұсталған. Ол А. есімді азаматтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, оны ұрлады деген күдікпен ұсталғандардың бірі. Хасан Қасымбаевтан өзге қылмыскерлер қазіргі уақытта жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жатыр.
Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың қазасынан кейін қаладағы бұзақылық, қылмыстық істердің артында тұрған басты адам, “Хутор” ҰҚТ-ның жетекшісі ретінде айтыла бастады. Алайда ресми органдар мұны терістеп, Талғарда ешқандай қылмыстық топ жоқ, аталған оқиғалар бойынша күдіктілердің Хасан Қасымбаевпен байланысы анықталмады деген. Хасан Қасымбаев та көпшілікке үндеу жолдап, өзінің қандайда бір қылмыстық әрекеттермен байланысын жоққа шығарған. “Хасанды” қорғап үндеу жасаған ауылдастары оны қайырымды, ауылға, мұқтаж адамдарға белсене қол үшін беретін адам ретінде сипаттаған. Жуырда қоғамдық резонансқа айналған істен кейін Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылған.