Астанада ауа райының нашарлауынан рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Air Astana әуекомпаниясы бүгін кешкі рейстер кешігетінін мәлімдеді.
Air Astana әуекомпаниясы 6 қараша күні кешке Астанадан ұшатын рейстер ауа райына байланысты кешіктірілетінін хабарлайды. Нақты себебіне келсек, қатты жел ұшақты мұзға қарсы өңдеу жұмысына кедергі келтіреді. Әуежайға шығар алдында рейс туралы ақпаратты әуекомпания сайтынан алдын ала тексеруіңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада қатты желдің салдарынан мұнара краны құлап қалғанын жазған болатынбыз.