Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Өткен тәулікте елордада 110 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты алдын ала төмендетуді сұраймыз, –делінген хабарламада.
ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ
Сондай-ақ полицейлер жаяу жүргіншілерді де абай болуға шақырып отыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қыстың әуресі: Жел Қарағанды облысында үйлердің шатырын ұшырып, электр желісін үзді
Жолдан өткен кезде көліктердің тоқтағанын күтіңіз. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау, өміріңізді сақтаудың кепілі, – дейді Полиция департаментіндегілер.
Еске салсақ, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында бірнеше рейс кешіктірілгені туралы ақпарат жарияланған болатын. Сондай-ақ еліміздің бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқыған еді.