Компюьтер ойнатпаған. 15 жастағы оқушы өз анасын өлтірді

Әлихан Асқақ

Ресейде 15 жастағы оқушы компюьтерлік ойындарды ойнатпағаны үшін өз анасын балталап тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Жергіікті БАҚ-тың жазуынша, кісі өлтірудің себебі – анасы ұлына бірнеше күн бойы компьютерлік ойындар ойнауға тыйым салып, телефонды алып, мектептен шыққаны үшін ұрысқан.

Қылмыскер оқушы полиция бөлімшесіне келіп, анасын өлтіргенін өзі айтқан. Оқиға орнына дереу барған арнайы жасақ, 48 жастағы әйелдің денесін қайтыс болғаннан кейін төрт сағаттан соң тапты.

Әйел баласының телефоны мен планшетін алып қойғаны белгілі болды. Содан кейін оқушы ренжіп, әйелді бірнеше рет балтамен ұрып өлтірген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Австралия 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге кіруге заң жүзінде тыйым салатынын хабарлағанбыз.