Қазақстан азаматы Алтай өлкесінде ФСБ қызметкеріне пара беруге тырысқаны үшін сотталмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Kommersant.ru мәліметтері бойынша, 39 жастағы ер адам өзінің танысына көмектесу мақсатында пара ұсынған. Танысы Рубцов ауданының шекара бекетінде контрабандамен ұсталған. Қазақстандық танысын босатып, тауарын Ресейге өткізуге рұқсат беруін қалаған. Енді оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
ЭКСТРАДИЦИЯ
Бұған дейін қаржы пирамидасын басқарды деп айыпталған әйел Армениядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Ол Қостанай облысындағы “Finiko” қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімін басқарған.
Грузиядан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтау және тасымалдау айыбы бойынша қазақстандық азамат Қазақстанға экстрадицияланған.
Сондай-ақ, Түркиядан 27 миллион теңге көлеміндегі мүлікті иемденді деген күдікпен есепші экстрадицияланған болатын.
Бұған дейін Ақмола облысында пара алған полицей әріптестерінің көзінше сотталған.