Газадағы жағдай: БҰҰ мәліметтері бойынша, қаза тапқандардың 70%-ы әйелдер мен балалар

Ғалиасқар Думан

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңсесі Газадағы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың 70%-ын әйелдер мен балалар құрайтынын мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

Reuters-тің мәліметтері бойынша, соғыс барысында БҰҰ 8 119 құрбанды растаған. Бұл Палестина билігі жариялаған 43 000-нан айтарлықтай төмен.

Баяндамада халықаралық гуманитарлық құқық жүйелі түрде бұзылғаны туралы айтылған.

Барлық құрбандардың 44%-ы балалар, ал ең көп қаза тапқан баланың жасы 5-9 жас аралығында. Шабуылдар кезінде 88% жағдайда бес және одан да көп адам қаза тапқан, бұл кең ауқымды қару қолданылғанын көрсетеді.

“Бұл халықаралық гуманитарлық құқықтың негізін қалаушы принциптердің, оның ішінде пропорционалдылықты бұзу жүйелі түрде болғанын дәлелдейді, – делінген БҰҰ-ның 32 беттен тұратын баяндамасында.

Израиль армиясы бейбіт тұрғындар арасында құрбандардың болмауын қамтамасыз етуге тырысатынын, бірақ ХАМАС-ты азаматтық инфрақұрылымды пайдаланатынын айтып, айыптады.

“Халықаралық құқықтың ауыр бұзылғаны тәуелсіз және бейтарап сот органдарында қаралуы қажет, ал оған дейін барлық тиісті деректер мен дәлелдер жинақталып, сақталуы тиіс, – деді БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Волкер Тюрк.

ХЕЗБОЛЛАҒА ҚАРСЫ СОҒЫС

Бір жыл бұрын бір күнде 1200 адамның өмірін қиған қанды шабуылдан кейін Израиль Хамаспен және Хезболламен күресіп жатыр.

«Хезболла» АҚШ тарапынан лаңкестік ұйым деп танылды, ал Еуропалық Одақ «қара тізімге» өзінің саяси партиясын емес, қарулы тобын енгізді. Ливан парламентінде «Хезболла» саяси партиясының депутаттары бар.

Бұл елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бір жылда Израильдің шабуылдарынан кемінде 3 мың адам қаза тауып, 13 мың адам жарақат алған. Палестина өкілдері Газада қаза тапқандардың саны 43 мыңнан асқанын хабарлады.