Бейонсе «Грэмми» саны жөнінен Jay-Z-ден асып түсіп, жаңа рекорд орнатты

Сырым Қаржас

Бейонсе тағы да өз есімін тарихқа жазып, «Грэмми» номинацияларының саны бойынша жаңа рекорд орнатты және сонымен бірге күйеуі рэпер Jay-Z-ді басып озды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Жалпы, әншіге бұл сыйлық 99 рет табысталды.

Бұған дейін олардың әрқайсысында 88 номинация болды, Cowboy Carter атты соңғы альбомы әншінің бірден үлкен айырмашылықпен көш бастауына мүмкіндік берді.

Ол биылғы «Грэммиде» 11 номинация бойынша көш бастады, оның ішінде жыл альбомы, кантри стиліндегі үздік альбом және оның хиті Texas Hold 'Em жылдың ең үздік әні атануға лайық.

Оған енді Тейлор Свифт, Сабрина Карпентер, Билли Эйлиш, Кендрик Ламар, Post Malone және Charli XCX-пен бақ таластыруға тура келіп тұр.

Биылғы үміткерлер тізімінде Beatles тобы өздерінің Now And then синглімен тұр. Джон Леннонның аяқталмаған бұл трегі өткен жылы жасанды интеллект көмегімен жетілдірілгеннен кейін жарыққа шықты. 

Ал биыл ливерпульдік квартеттің ең үздік жаңа әртіс атағына ұсынылып, жеңімпаз атанғанына тура 60 жыл толды.

Айта кетсек, Бейонсе дыбыс жазу академиясының бірнеше рекордын иеленді: ол марапатты 32 рет жеке орындаушы ретінде және тағы үш рет Destiny's Child мүшесі ретінде жеңіп алды.

Еске сала кетсек, 2021 жылы қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов Grammy мүсінін иеленген.