Зейнетақы шегінің қандай формуламен есептелетіні белгілі болды

Ulysmedia

Үкімет зейнетақы қаржысын алуға қажет төменгі жеткілікті шектің күрт өсуіне негізгі себеп ретінде 2022 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін (41%) ұлғаятынын атауда. Осы орайда, тиісті әдістемені бекіткен ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысына 4-қосымшасына сәйкес, аталған шектің қандай формуламен есептелетіні белгілі болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Құжатқа сай, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы:

ПМДХ0 - х0 жасындағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі;

ТСПВх1 – Х1 жасындағы алушы үшін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны;

ТСОПВХо - Хо жасындағы салымшы үшін міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны;

i- кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі;

l - ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

Xo- салымшының жасы, мұндағы Xo<X1 ;

X1– зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер жүзеге асырылатын жас.

Бұл ретте Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес X1 және одан жоғары, бірақ зейнеткерлік жасқа толмаған салымшылар үшін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі ПМДХ1-1, яғни зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы жасынан бір жылға төмен жас шегіне теңестіріледі.

Әдістеменің осы тармағына сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі он мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенбек.

«Ең төмен жеткіліктілік шегі тиісті жастағы адамдар үшін өткен жылғы ең төмен жеткіліктілік шегі мөлшерінен төмен болмауға тиіс», – дейді қаулыны әзірлеушілер.

Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін есептеуге арналған параметрлер мөлшері:

1) табыстылықтың жылдық пайыздық мөлшерлемесі - 6,5; %;

2) БЖЗҚ төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі - 5 %;

3) ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі – 5 %;

4) ең төменгі жалақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі – 5 %;

5) міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі - 12;

6) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы - тиісінше 60 және 82 жас.