Қарағанды облыстық әкімдігі мен облыстық сәслихатының бірлескен шешімімен Октябрь ауданының атауы Әлихан Бөкейхан ауданы болып өзгертілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Иә, тиісті шешім шықты. Дүйсенбі күні, яғни 13 желтоқсанда аудан атын өзгертуге байланысты салтанатты шара өткізіледі», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ulysmedia.kz порталының тілшісіне.
Жалпы аталмыш ауданның атына Алаш көшбасшысының атауын беру мәселесі кейінгі жылдары бірнеше рет көтерілген. Октябрь ауданы республикадағы ең үлкен аудандардың бірі. Онда 260 мыңға жуық адам тұрады.