Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийге шығарылған үкім жойылды

Ғалиасқар Думан

Мәскеу қалалық соты Украина елшісі қызметін атқарған Петр Врублевскийге «өшпенділік пен араздықты қоздыру» айыбы бойынша сырттай шығарылған алты жылдық колония үкімін жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

Енді іс Мәскеудің Басманный сотына жаңа сот құрамында қайта қарауға жіберіледі.

ВРУБЛЕВСКИЙДІҢ ҚУДАЛАУ ТАРИХЫ

Врублевскийге қатысты қудалау 2022 жылғы тамызда Қазақстандағы Украина елшісі қызметін атқарып жүргенде, блогер Диас Құзайровқа берген сұхбатынан кейін басталды. Ол сұхбат барысында Украинадағы қақтығыс туралы айта келіп:

«Қолымыздан келгенше олардың (ресейліктердің) көбін өлтіруге тырысып жатырмыз. Қаншалықты көп өлтірсек, болашақта балаларымызға соғұрлым аз өлтіруге тура келеді», – деп мәлімдеген болатын.

Бұл сөздер біршама резонанс тудырды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі елшімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ол өз сөздері үшін кешірім сұраған. Алайда ресейлік тарап елшіні Қазақстаннан шығаруды талап етті.

ДАУЛЫ СҰХБАТ

2022 жылдың қазан айында Украина президенті Владимир Зеленский Врублевскийді Қазақстандағы елші қызметінен босатқан еді. Бұл ресейшіл БАҚ дипломат блогер Диас Құзайыровқа берген сұхбатының үзіндісін таратқаннан кейін болды. Онда Врублевский "біз қазір орыстарды қаншалықты көп өлтірсек, балаларымыз соншалықты біздің балаларға азырақ өлтіреді" деген тұжырымға келген. Кейіннен Қазақстан СІМ наразылық білдіріп, елші кешірім сұрады.

2022 жылы наурызда Врублевский Ulysmedia.kz порталына эксклюзивті сұхбат беріп, онда Ресейдің Украинаға басып кіруі, Еуропаға қашқан босқындардың жағдайы туралы айтып, қазақстандықтардан жиналған гуманитарлық көмек жайлы пайымын білдірген.