«Қайтып келген қыз жаман»: Мөлдір Әуелбекова әкесі үйге кіргізбей қойғанын айтты

Қалижан Бектемір

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жолдасымен арада келіспеушіліктер болып, одан кетпек болғанда әкесі өзін үйге кіргізбей қойғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Әнші бірінші некесі неге сәтсіз аяқталғанын айтып, жан сырын ақтарды.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Бет сүйісіп, құшақтасып қой, иә?»: Мөлдір Әуелбекова Сәкен Майғазиевпен қалай амандасатынын көрсетті

«Қатты қызығамын»: Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты

"Қайтып келген қыз жаман" деген жағдайға байланысты деп ойлаймын. Бірінші некемде түсініспеушіліктер болған кезде Алматыға жұмыс сапарымен келдім. Ол кезде ата-анам Алматыда, біз Астанада тұрамыз. Бізде сол кезде баламның әкесімен жанжал үдеп кетті. Сол кезде үйдегілерге "Мен кетемін, осы жерде қаламын" дедім. Әкем "Жоқ, бұл жерде қалмайсың" деп мені үйге кіргізбей, қайтарып жіберген. Бірақ қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінгенде бәрі жақсы болар ма еді. Олар "Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман" деп мені кінәлады. Содан кейін бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады, – деді Мөлдір Әуелбекова.