Қазгидромет ескертеді. Шығысқа қалың қар жауады

Абзал Досым

«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 12 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Оған сәйкес, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр түрінде, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал.

“Республиканың шығысында қалың қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ болады”, – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша 12 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болып, тұман түседі.