Дәрі алуға бюджеттен 474 млрд теңге бөлінді

Әлихан Асқақ

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж

Оның айтуынша, биыл амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 474 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 26,7 млрд теңге қаражат жұмсалған.

Амбулаториялық деңгейде 251 млрд теңгеге 3,5 млн пациент 120 нозология бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ауыл тұрғындарының дәріліс заттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар базасында 172 дәріхана және 694 жеке дәріхана, сондай-ақ 15 жылжымалы дәріхана пункттері ұйымдастырылған. 

Пациенттердің стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес орталықтандырылған және дербес сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Биыл Бірыңғай дистрибьютордың 2025 жылға арналған сатып алу науқаны бір ай бұрын басталды, бұл «СҚ-Фармация» ЖШС қоймаларына дәрілік заттарды 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова

Бұған дейін Қазақстанда балаларды емханаға тіркеу мерзімі мен ережесі өзгеретінін хабарланған. Денсаулық сақтау министрлігі Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға жеке тұлғаларды бекіту ережесіне өзгерістер енгізілетін бұйрықты даярлады.

ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР

Бұйрық жобасы білім беру мекемесінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің орны бойынша заңды өкілдерінің ресми өтініші арқылы ЭҮП-да 18 жасқа толмаған қала сыртындағы студенттерді/медреседегі оқушыларды және әскерге шақырылушыларды қағаз нысанда тіркеуді көздейді.