ҰҚК синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҰҚК мәліметінше, психотроптық затты дайындау күдігімен Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.
“Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр «мефедрон» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды” делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандық азаматты ұстаған.
Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынған. Аталған адамдардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған, ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескерту берілген.