Кореяда әуе қозғалысына дейін шектелетін 8 сағаттық маңызды емтихан болып жатыр

Ғалиасқар Думан

Сегіз сағат, бес тест, төрт үзіліс, бір күн және бір ғана мүмкіндік. 14 қарашада Оңтүстік Кореядағы мектеп түлектері Сунын деп аталатын емтихан тапсырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Getty Images

БҰЛ ҚАНДАЙ ЕМТИХАН

ВВС мәліметінше, бұл емтихан тек білім мен қабілеттерді тексеру ғана емес, оның нәтижесіне қарап, түлек қай университетке түсе алатынын анықтайды. Сунын жас корейлердің болашағына, мәнсабына, табысына және тіпті жеке өміріне де ықпал етеді. Сунын – өзін көрсетуге берілетін жалғыз мүмкіндік және тек бір рет қана тапсыруға рұқсат етіледі.

Сунын емтиханы кезінде бүкіл ел тоқтап қалғандай күй кешеді.

МІНДЕТТІ ПӘНДЕР

Сунын емтиханында бес міндетті пән бар: корей тілі, математика, ағылшын тілі, Корея тарихы және не қоғамтану, не жаратылыстану пәндері. Сонымен қатар, қосымша француз, қытай, жапон, орыс немесе араб тілдерінен емтихан тапсыруға болады.

Биыл мектеп бітіруші Ли Сан Вон емтихан кезінде төзімділікті сақтап, өзіңе сенудің маңызды екенін айтады.

«Мен корей тілінен сынақ тесттерді ертеңгілік уақытта тапсыруды ұсынамын», – дейді ол.

Өзі негізгі емтихан өтетін уақытпен бірдей мерзімде сынақ тестін тапсырып дайындалады, өйткені емтиханды жақсы бастау өте маңызды деп санайды.

«Егер алғашқы тесттен сәтсіздікке ұшырадым деп ойласаңыз, бұл келесі тесттердің нәтижесіне әсер етуі мүмкін», – деп ескертеді ол.

Сондай-ақ түскі астан кейінгі тесттерге де назар аудару қажет екенін атап өтеді.

«Түскі ас кезінде ағылшын тілінен тест болады, онда мәтінді тыңдау арқылы түсіну қажет болады, сондықтан шаршап қалмауға тырысу керек», – дейді Ли.

Сунын емтиханы сегіз сағатқа созылады, әр пән арасында 20 минуттық үзіліс және түскі асқа 50 минуттық үзіліс беріледі. Әр пән бойынша тесттердің ұзақтығы 80-ден 107 минутқа дейін созылады, бұл жоғары консентрацияны талап етеді.

БҰЛ КҮННІҢ МАҢЫЗЫ

Бұл күні бүкіл ел емтихан тапсырушыларды қолдау үшін бірігеді. Таңертеңнен бастап полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі студенттерді емтиханға кешікпей жетуіне көмектесу үшін дайындыққа шығады.

Кореяда көлік қозғалысын жеңілдету мақсатында көптеген компаниялар қызметкерлеріне жұмысқа кешірек келуге кеңес береді, биржа да жұмысын кешіктіріп бастайды.

Ағылшын тілінен аудиотест кезінде, яғни 35 минут бойы әуе қозғалысы да уақытша тоқтатылады.