Қостанай облысында қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды

Сырым Қаржас

Қостанай облысының Қарасу ауданындағы Қарасу ауылы мыңында жеңіл автокөлік қалың қардан жүре алмай, көлік ішінде 4 адам қалып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

«Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі 4 адамды, оның ішінде 2 баланы қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді», деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметінен.

ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сонымен бірге ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Алматы облысына демалуға барған жігіттердің қар құрсауында қалғанын жазды.