Украинада Беларусь жалдамалы арнайы отрядын елден қуды

Сырым Қаржас

Украинаның Бас барлау басқармасы беларусиялық жалдамалылардың арнайы жасағын таратып жіберді. Себебі белгісіз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Телеграм/«АСП Террор»

«АСП» Террор» бұдан былай болмайды. Арнайы жасақ жауынгерлерінің кейбірі Қорғаныс министрлігінің әскери барлауының арнайы жасақтарына ауыстырылды, кейбірі жауынгерлік тапсырмаларды орындамайды», - деп хабарлады жауынгерлер өздерінің Telegram-арнасында.

«Біз мұны біздің жақсы беделімізді пайдаланатын делдалдыққа тосқауыл қою, «АСП» Террорды» қолдауға деп ақша жинау әрекеттерін алдын ала тоқтату және біздің атымыздан сұхбаттар таратуға мүмкіндік бермеу үшін барынша жариялап отырмыз», - делінген хабарламада.

ҚАНДАЙ ҰЙЫМ?

«АСП Террор» беларусьтік жалдамалылардан жасақталған және кейбір деректерге сәйкес ол 2022 жылы құрылған.

Жасақтың интернет-ресурстарын Беларусь билігі экстремистік деп таныған.

Олардың символикасы нацистік 32-ші СС ерікті атқыштар дивизиясының нышаны саналатын «30 қаңтар» – тиваз рунасы».