Өскемен-Самар тас жолының 75-ші шақырымында Самар ауданына тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған затты тасымалдау кезінде жарылыс болды. Салдарынан VOLVO маркалы жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Тергеу Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде бесінші сыныпта оқитын екі оқушы көлік ұрлап, жол апатына ұшыра